{metadescription}
Ақтау маңында апатқа ұшыраған әуе кемесінде 29 жолаушы тірі қалған
Ақтау маңында апатқа ұшыраған әуе кемесінде 29 жолаушы тірі қалған

Ақтау маңында апатқа ұшыраған әуе кемесінде 29 жолаушы тірі қалған

Соңғы мәлімет бойынша, Ақтау маңында апатқа ұшыраған әуе кемесінде 29 жолаушы тірі қалған. Оның ішінде 11 науқастың жағдайы ауыр. Жалпы, ұшақта бес экипаж мүшесін қосқанда, 69 адам болыпты. Қатарында Қазақстанның алты азаматы бар.

Embraer ERJ-190 бортының Баку- Грозный рейсімен Әзірбайжан,  Ресей және Қырғызстан азаматтары ұшып бара жатқан. Оқиға орнында құтқару жұмысы жалғасуда. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен әуе апатына байланысты мемлекеттік комиссия құрылды. Жедел штаб іске қосылып, оқиға орнында 432 маман мен 79 техника жұмыс істеп жатыр.

Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты ақпарат сәт сайын жаңаруда. Соңғы мәлімет бойынша, Бакуден Грозныйға беттеген әуе кемесінің бортында 69 жолаушы болған. Оның бесеуі экипаж мүшесі. Ал жолаушылардың қатарында Әзірбайжанның 42, Ресейдің 16, Қырғызстанның 3 азаматы болған. Бұған қоса, 6 Қазақстан азаматы бар. Өкінішке қарай, құлаған ұшақ бортында болып, бір өлімнен аман қалғандар қатарында біздің отандастырымыздың есімдері әзірге жоқ.

Әуе апатынан тірі қалған 29 жолаушы ауруханаға жеткізілген. Оның екеуі  бала. Зардап шеккен 11 науқастың жағдайы ауыр дейді дәрігерлер. Олар жансақтау бөліміне жатқызылған.

Әсет Жылқайдаров, ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің басқарма бастығы:

- Осы сағатта 29 адам, оның ішінде екі бала ауруханаға жатқызылды. Қазір апаттан құтқару жұмыстары жалғасуда. Астана қаласындағы команда орталықта және Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің жедел желі телефондары жұмыс істейді. Әзірбайжан Республикасының делегациясы Ақтау қаласына жетті.

Әзірге тек төрт адамның қайтыс болғаны расталған. Қалған жолаушылар бойынша іздеу жалғасуда. Төтенше жағдайға байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен мемлекеттік комиссия құрылды. Сондай-ақ Президент Астанадан санавиациямен хирургтар мен травматологтарды  Ақтауға жіберу туралы тапсырма берді. 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі:

Ақтау қаласы маңында Әзірбайжан әуе компаниясының ұшақ апаты бойынша Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басшылығымен ведомствоаралық тергеу-оперативтік тобы құрылды. Оның құрамына Көлік прокуратурасының, ІІМ және ТЖМ тәжірибелі қызметкерлері кірді. Оқиға орнына үкіметтік комиссия құрамында елдің Бас көлік прокуроры барды. Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ерекше бақылауында.

Зардап шеккендерге Ақтау тұрғындары қолдау көрсетуде. Олар апаттан соң жаппай қан тапсыруға ағылды. Қан орталығында ұзын-сонар кептеліс пайда болған.

Әли Қабақов:

– Көмегімізді көрсетейін деп, қан тапсыруға келіп тұрмыз. Осы жерде барлық халық өкілі бар және қуантатыны, біздің қазақ балдары көп, ер де, қыз балалар да. Жаңа бір жерде 18 жасқа толмаған қазақ жігіті сұранып тұр, «мен тапсырайыншы» деп.

Әзірбайжанның ақпарат құралдары да көмек беруге асыққан қарапайым азаматтар, құтқарушылар мен дәрігерлерге алғысын жаудыруда.

Айта кетейік, Azerbaijan Airlines ұлттық әуе компаниясы апаттың алдын ала себебін айтты. Олардың хабарлауынша, лайнер көкте құстарға соғылған. Бірақ Әзірбайжан президенті апаттың нақты себебі әзірге белгісіз екенін мәлімдеді. Оған қатысты бірнеше болжам бар екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде