Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан халқына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан халқына көңіл айтты. Ол Ильхам Әлиевке жолдаған жеделхатында суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.
Автор: Шапағат Мырзабекова
25.12.2024
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:
— Орны толмас ауыр қайғыға ортақтаса отырып, Сізге, қаза тапқан азаматтардың туған-туысына және барша Әзірбайжан халқына көңіл айтамын. Менің тапсырмаммен Қазақстан Үкіметі мемлекеттік комиссия құрды. Комиссия құтқару операциясы аясында тиісті шаралар қабылдап, Әзірбайжан тарапына қажет көмек көрсетеді.
Ресей президенті Владимир Путин де қаза тапқандардың туыстарына көңіл айта отырып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың келісімімен Ақтауға Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігнінің арнайы бортын көмекке аттандырды. Қосымша құрал-жабдығын алған медициналық қызметкерлер апаттан зардап шеккендерге көмек беруге келді.
Әзірбайжан президенті қаралы хабарды ести сала, Санкт-Петербордағы ТМД саммитіне қатыспай, ұшақты Бакуға бұруды бұйырған. Келе сала жедел жиын өткізіп, Ақтауға арнайы делегация жіберді. Ильхам Әлиев 26 желтоқсанды Әзірбайжанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!