Ақтаудағы ұшақ апаты. Қазақстандықтар Әзірбайжан елшілігіне гүл шоқтарын әкеліп жатыр
Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты қазақстандықтар Астанадағы Әзірбайжан елшілігіне жаппай гүл шоқтарын әкеліп жатыр. Елордалықтар бірінен кейін бірі қабырғаны қайыстырған бауырлас елдің қайғысына ортақтасып, ауыр жағдайға көңіл айтуға жиылды.
Автор: Мерей Қалиасқар
25.12.2024
Оның ішінде түрлі этнос өкілдері, қоғам белсенділері, белгілі саясаткерлер және қарапайым қала тұрғындары да бар. Олар гүл шоқтарымен қатар қиын сәтте «Әзірбайжан халқымен біргеміз» деген тақтайшаларын да ала келген. Әзірбайжан диаспорасының өкілі Жаманшир Ағаев бауырлас қазақ жұртының қайғыда бір болғаны әрі қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Жиналғандар борт ішінде сұмдық апаттан аман қалған жандарға және олардың отбасына амандық тілеп, жанұшырған оқиға оларға ауыр тигенін жеткізді.
Гүлмира Ақтайлақова, Аmanat партиясы Алматы ауданы филиалының атқарушы хатшысы:
— Бауырлас азаматтарымыздың қайғылы, қаза болған отбасыларына қайғырып көңіл айтып, олармен бірге екенімізді айтқымыз келеді. Сонымен қатар мына жағдай бізге шын мәнісінде өте ауыр тиіп тұр. Барлығымыз қайғырдық. Барлық отбасына ендігі таңда тек сабырлық, отбасы амандығын тілейміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!