СҚО: Астан уланып өлген екі бүлдіршіннің анасы шындық іздеп шырылдап жүр
Солтүстік Қазақстан облысында астан уланып көз жұмған екі бүлдіршіннің анасы шындық іздеп шырылдап жүр. Ауылдағы дүкеннен азық-түлік алып, ертеңіне қос сәбиінен қатар айырылған отбасы «кінәлілер жазаланбады» дейді.
Автор: Мерген Тоқсанбай
25.12.2024
Галина Коваленко, қайтыс болған балалардың анасы:
— Мен жұмыстан келіп, кешкі асқа тұшпара ішіп, шұжық жеген соң бәріміз ауыра бастадық. Астан уланған екі балам қазір жер қойынында жатыр. Оларды маған ешкім қайтара алмайды. Ресми сараптама «нитраттан уланған» дейді. Ол үшін ешкім ешқандай жауапкершілік арқалаған жоқ. Мен әділдік орнап, кінәлілер жазалансын деп талап етемін.
Еске салайық, 12 маусым күні Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы дүкендердің бірінен Галина Коваленко тұшпара мен шұжық сатып алған. Кешкі астан соң өзінің де, балаларының да денсаулығы нашарлап жүрегі айни бастапты. Дереу медбикені шақыртқанымен, ол белсендірілген көмірден басқа дәрі бермеген. Соның салдарынан таңертең кіші ұлы қайтыс болып, кейін ауруханада қызы көз жұмады. Ал өзі мен үлкен ұлы аман қалады. Полиция әуелде «сантитарлық қағидаларды, немесе, гигиеналық нормативтерді бұзу» бабымен қылмыстық іс қозғаған. Кейін «қылмыс құрамы жоқ» деген желеумен жылы жабылыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!