Ақтөбеде жылу мен су қымбаттайды
Ақтөбеде жаңа жылдан бастап жылу мен су қымбаттайды. Коммуналдық мекеме тарифті көтеру туралы монополияға қарсы департаменттің рұқсатын алыпты.
Автор: Жаңалық Ахаш
25.12.2024
Осы уақытқа дейін ақтөбеліктер судың текше метріне 129 теңге төлеп келген. Енді бір аптадан кейін ай сайын 24 теңгеге көбірек төлейді. Ал бюджет мекемелер мен заңды тұлғаларға су бағасы арзандаған. Мемлекет меншігіндегі мекемелер 68 теңгеге, жеке компанияларға тариф 35 теңгеге төмендеді. Бағаны қымбаттату арқылы коммуналдық мекеме жұмысшыларының жалақасын өсіруді жоспарлап отыр. Сондықтан жылудың төлемін де көбейтпекші екен. Енді тұрғындар жылуға әдеттегіден 37 теңгеге артық ақша төлейді. Жылудың қымбаттауына газ бағасының өсуі әсер еткен.
Ерлан Дүйсен, Ақтөбе облысы табиғи монополияны реттеу департаментінің басшысы:
— 2024 жылы «Ақтөбе су энерджи групп» қоғамының қызметкерлерінің айлығы өсірілді. Екіншіден — энергетика министрлігінен Ақтөбе облысы бойынша газдың қымбаттауы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!