2000 теңгелік жаңа купюра айналымға шықты — Сақ стилі
Бүгіннен бастап 2000 теңгелік жаңа купюра айналымға шықты. Ұлттық банк оның дизайнын Сақ стилі үлгісінде жасаған.
Автор: Әсем Лесбек
25.12.2024
Жаңа банкноталар келер жылдың екінші тоқсанынан бастап қолданысқа енеді. Өйткені оys еліміздің барлық аймағына жеткізуге уақыт керек. Жаңа теңге ашық жасыл түсте, бет жағында қалықтап ұшқан құс пен Есік қорғаны бейнеленген. Екінші жағын ақбөкен суреті мен қалқанды бейнелейтін қазақи ою-өрнекпен безендіріліпті. Ұлттық банк, ескі үлгідегі 2 мың теңгелер енді бір жарым жылдың ішінде айналымнан біртіндеп алынатынын мәлімдеді. Бұған дейін Сақ стилінде 5 және10 мың теңгелік номиналдағы ақша жаңартылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!