«Жаңа жыл республика төрінде» атты балалар шыршасының мерекесі өтті
Ертегі кейіпкерлері, Өмір ағашы және Феникс құсы. Елордада «Жаңа жыл республика төрінде» атты балалар шыршасының мерекесі өтті. Президент атынан мерекелік шараға елдің әр түкпірінен оқуда, спортта, шығармашылықта және қоғамдық жұмыста жетістікке жеткен 100-ден астам бала қатысты.
Автор: Мерей Қалиасқар
25.12.2024
Әли Құдияров, оқушы:
— Өмір ағашының тамырынан тараған ұрпақтарым. Осы костюмді тіккен — анам, мектептегі мұғалімдер және анамның әріптестері. Үш күн бойы тіктік. Менің жеті атам. Осындай шыршаға алғаш рет келдім. Кеш көңілді өтіп жатыр.
"Президент шыршасына 9-13 жас аралығындағы іріктелген оқушылар шақырылған. )атарында әлеуметтік аз қамтылған отбасынаншыққан және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар да бар. Оларға Астананың үздік шығармашылық ұжымдары қызықты қойылым қойып, ұмытылмас мерекелік көңіл күй сыйлады.
Танымал өнерпаздар ән шырқап, балалар ерекше безендірілген шыршаны айнала биледі. Ал еліміздің бас ұстазы Ғани Бейсембаев мектеп оқушыларына Мемлекет басшысының атынан құттықтау хаты мен бағалы сыйлықтарын табыс етті.
Еділ Оспан, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі:
— Астана қаласының көрікті орындарын, оның ішінде Бәйтерекке, Ұлттық музейге барды. Назарбаев университетінде балаларды ғылымға, техникаға баулу үшін ғалымдармен кездесу ұйымдастырдық. Балаларымыз жаңа жылдық дастарханнан дәм татып, арнайы концертке қатысатын болады. Онда әр өңірден келген балалар да өнер көрсетеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!