Эмбраер ERJ 190-ды құрастырған бразилиялық компания мамандары Ақтауға келді
Ақтауда апатқа ұшыраған лайнер соңғы рет техникалық тексерістен қарашада өткен. Эмбраер ERJ 190-ды құрастырған бразилиялық компанияның мамандары бүгін Ақтауға келді.
Автор: Шапағат Мырзабекова
26.12.2024
Олар комиссиямен қатар, апаттың себеп-салдарын зерттейді. Ал Azerbaijan Airlines қайғылы жағдайдан соң, Грозный мен Махачкала бағытына тергеу біткенше ұшуды тоқтатқан. Басқа қалаларға рейстер кесте бойынша жолаушы тасымалдауда.
Абыл Кекілбаев, авиация сарапшысы:
— Ұшақ қонғанда жарылды. Жарылған кезде қозғалтқыштардың жерге тигенін бәріміз де көрдік. Оған қоса, қара жәшіктің ішінде сақталған ақпарат түгел шығарылғаннан кейін ресми түрде комиссия мүшелері алдын ала ақпарат таратуға мүмкіншілігі болады деп сенемін. Қазір әртүрлі ақпарат таратылып жатыр, сондықтан оған сенбеуге шақырамын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!