«Боди-массаж». Астана тұрғыны притон ұйымдастырып, 2 млрд теңге тапқан
Астаналық ару жеңгетайлықпен айналысып, 2 млрд теңге пайда тапқан. Тергеу нәтижесінде арам жолмен келген қаражатқа сатып алынған барлық дүние-мүлік пен кірістер анықталып тәркіленді. Бұл туралы еліміздің Қаржы мониторингі агенттігі мәлімдеді.
Автор: Мерей Қалиасқар
26.12.2024
Астаналық департамент боди-массаж түрінде жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырған әрі алынған кірістерді заңдастырған күрделі схеманы әшкереледі. Табысын заңдастыру үшін күдікті өз атына Жауапкершілігі шектеулі серіктестігін тіркеп, ауыл шаруашылық дақылдарын сатып алып, қайта сатқан. Жалпы қылмыстық жолмен алынған қаражатқа ол коммерциялық нысан, екі бөлмелі 5 пәтер, жер учаскелері мен екі коттедж және элиталық 2 пәтер мен қымбат автокөлік сатып алған. Мүлкінің біразын бала күтушісінің атына жаздырыпты. Сонымен қатар тінткен кезде 50 млн теңге мен бағалы зергер бұйымдар табылды. Сот үкімімен ол жезөкшелердің ордасын ұйымдастырғаны және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
ҚМА Астана департаменті:
— 2021-2023 жылдар аралығында Астана тұрғыны жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырып, 2 млрд теңге қылмыстық табыс алған. Қаржылық тергеу күдіктінің шоттарына туыстары мен сенімді тұлғаларының банк деректемелерін пайдалана отырып заңдастырудың күрделі схемасы арқылы түскен барлық қылмыстық табысты анықтауға мүмкіндік берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!