Экобелсенділер: Атырауда балық әлі қырылып жатыр
Экобелсенділер «Атырауда балық әлі қырылып жатыр» деп дабыл қағуда. Алайда жергілікті билік тасқыннан кейінгі су жолында қалып қойған шабақтарды құтқару жаздан бері тоқтатылмағанын айтады.
Автор: Жанат Молдашова
26.12.2024
Тасқыннан кейін Атырау іргесіндегі канал бойында қалып қойған шабақтар. Осы уақытқа дейін тірі қалғаны өсіп, ірі балыққа айналған. Әр жерде қалған шалшық суда арам өліп жатқан шабақтардың көптігі сонша, оны жинап үлгермей жатыр. Қырылып жатқан балықты құтқаруға еріктілер, балық инспекциясы мамандары жұмылдырылған дейді жауаптылар. Алайда бәрін сақтап қалу мүмкін болмай жатыр екен. Дегенмен 95 миллионға жуық балық Жайық өзеніне жіберіліпті.
Артур Сәдібекұлы, Атырау облысы балық шаруашылығы басқармасының басшысы:
— Топан судан биыл Атырау облысының су айдынында, кесіліп қалған каналдарымызда көп мөлшерде шабақ қалып қойды. Маусым айынан шабақтарды құтқару жүргізілуде. Жалпы маусым айынан бастап Атырау облысында 95 миллионға жуық шабақтар құтқарылып, Жайық өзеніне жіберілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!