{metadescription}
Саяси қуғын-сүргін құрбандары —  «Алашорда ісі» 12 томдығы жарық көрді
Саяси қуғын-сүргін құрбандары —  «Алашорда ісі» 12 томдығы жарық көрді

Саяси қуғын-сүргін құрбандары — «Алашорда ісі» 12 томдығы жарық көрді

Ғасырға жуық күткен тарихи шындық. Саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы «Алашорда ісі» 12 томдығы жарық көрді. Туынды журналистерге Алматыдағы ҚР Президентінің архивінде таныстырылды.

Мәмбет Қойгелдиев, Ұлттық ғылым академиясының академигі:

Осы уақытқа дейін тарихнамада әулиеттерді қудалау тақырыбы қарастырылмаған. Мысалы, Кенесары Қасымовтың тұқымдары қудаланған, Абай Құнанбаевтың тұқымдарының қудалануы. Осы сияқты сюжеттер осы көптомдықта орын алды. Содан кейін репрессияға ұшыраған саяси қайраткерлер. Әсіресе Алаш қайраткерлері, олардың отбасының қудалануы, әйелдерінің АЛЖИР-ге, басқа лагерьлерге айдалуы, сотталуы, осы мәселе де осында өз орнын тапты.

Жобаның ғылыми жетекшісі Алаш орда ісін 35 жылдан бері зерттеп келе жатқан академик Мәмбет Қойгелдиев. Көптомдыққа мемлекеттік архивтерде жылдар бойы арнайы сақталған үш мыңнан аса материал енгізілген. Алаш орда қайраткерлеріне қатысты бұл деректер бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған. Жинақты дайындауға 30-дан аса адам ат салысты. Қатарында Президент архивінің, Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қызметкерлері бар. Олар 12 томдықты екі жылға жуық уақытта дайындап шығарған. Жұмыс барысында мемлекеттік органдардан саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 688 мыңнан аса құжат қабылданыпты. Бастапқыда 10 том болады деп жоспарланған «Алашорда ісі» туындысы мағлұматтың көптігіне байланысты 12 томға ұлғайтылған. Енді мамандар мұнымен тоқтап қалмай, қалған құжаттарды да ғылыми айналымға енгізуді жоспарлап отыр.

Гүлшат Нұрымбетова, ХХ ғ. саяси қуғын-сүргін материалдарын зерделеу орталығының басшысы:

12 томмен шектелмейміз. Біздің ойымызша, бұл жұмыс ары қарай жалғаса береді деген үміттеміз. Себебі: материал көп, құжаттар көп. Біз 2022 жылдан бастап үш мекемедегі ІІМ, ҰҚК, Бас прокуратурадағы арнаулы мемлекеттік архивтерден саяси қуғын-сүргінге қатысты материалдың барлығы Президент архивінде жинақталды. Осы жинақтаудың, оны жүйелеудің алғашқы нәтижелерінің бірі көптомдық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қаңтар

03 қаңтар

02 қаңтар

01 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.