{metadescription}
Павлодарда ерекше балаларға арналған екі оңалту орталығы ашылды
Павлодарда ерекше балаларға арналған екі оңалту орталығы ашылды

Павлодарда ерекше балаларға арналған екі оңалту орталығы ашылды

Павлодарда ерекше балаларға қос бірдей оңалту орталығы ашылды. Ондағы мамандардың кәсіби біліктілігін арттырып, шетелдегі озық емдеу тәсілдерін оқытуға Нұрсұлтан Назарбаев қоры қолдау көрсетеді. Бірінші орталық үш жасқа дейінгі бөбектерге арналса, екіншісінде үштен 18 жасқа дейнгі балаларды қабылдайды. Жаңа жыл қарсаңында бұл мүгедек балаларға керемет тарту болды, дейді ата-аналар.

Кереку өңірінде төрт мыңға жуық мүгедек бала тұрады. Барлығына жыл сайын бейімдеу орталықтарында ем-дом көрсетілуі тиіс. Бұрын ерекше балалардың ата-аналары озық құрал-жабдықпен қамтылған, мамандары да білікті деп, өзге өңірлерге қатынайтын. Енді алысқа барудың қажеті жоқ. Жаңа ашылған қос орталыққа бәрі қуанып отыр.

Анастасия Парфишина, Павлодар тұрғыны:

Балам церебральды сал ауруымен ауырады. Үнемі дәрігерге көрсетіп, бейімдеу орталығында курстан өтуге тиіспіз. Ана болған соң шырылдап, еміне дауа іздеп, Астана мен Алматы қалаларындағы орталықтарға апартын едім. Енді өз қаламыздағы жаңа орталықты көріп қуанып отырмын. Жаттығу құралдары да, көрсетілетін емі де ұнап жатыр. Демеу көрсеткен Қорларға алғысым шексіз.

Бір орталықта жаңа туған сәбиден бастап үш жасқа дейінгі ерекше балаларды қабылдайды. Ол нысанның жөндеуін жергілікті билік мойнына алса, ішін жабдықтауды «Қазақстан халқына» қоры қаржыландырыпты.

Екінші орталық үш жастағы бүлдіршіннен бастап, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға көмек көрсетеді. Мұндағы мамандардың бәрі шетелдік емдеу тәсілдерін үйренген. Біліктілігін арттыруды «Қамқорлық» қоры үйлестіріп жатыр. Ал оған демеушілікті Нұрсұлтан Назарбаев қоры көрсетуде.

Ләззат Шыңғысбаева, «Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрағасының орынбасары:

Барлық құрал-жабдығын алып беріп жатырмыз. Бұл құрал-жабдықтары еуропалық деңгейде. інде. Алтын стандартты, еуропалық. Мамандардың жасап жатқан қызметі де алтын стандартты болу керек. Сол үшін бұл жерде «Қамқорлық» қоры, оның демеушісі Нұрсұлтан Назарбаев қоры бірлесіп,  Ресейдегі мықты технологияны осы мамандарға үйретіп жатыр.

Жаңа ашылған қос орталық жылына 600-ден аса ерекше баланы қабылддаймыз деп отыр. Бейімдеуге 21 күндік емдеу курсынан өтеді. Бұл қызметтің бәрі бүлдіршіндер үшін   тегін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

02 қаңтар

01 қаңтар

31 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде