Ақтауға Embraer зауытының өкілдері ұшақ апатының себеп-салдарын тексеруге келді
Бразилиялық Embraer зауытының өкілдері ұшақ апатының себеп-салдарын тексеру үшін Ақтауға жетті. Олар Чикаго конвенциясының 13-қосымшасында айтылғандай, әуе апатын тергеуге қатысады.
Автор: Ислам Қабылұлы
27.12.2024
Елімізге келген бразилиялық сарапшылар әуе апатына ұшыраған бортта жазылып қалған мәліметтерді декодтау процесіне көмектеседі. Бұл туралы көлік министрінің орынбасары Талғат Ластаев айтқан болатын.
Еске салайық, апат болған күннің кешінде қара жәшіктің екеуі де табылған. Қазір Ақтауда ауданы 4 мың шаршы метрден асатын апат аумағы тексеріліп, ұшақ бөлшектерін жинау жұмыстары жалғасып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!