Биыл 54 мың қазақстандық кедейліктен шығып, өмір сүру деңгейі жақсарған
Биыл 54 мың қазақстандық кедейлік шегінен шыққан. Яғни өмір сүру деңгейі жақсарған. Сәйкесінше, атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны да қысқарды дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
27.12.2024
Олжас Анафин, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:
— 2023 жылы 57 миллиард теңге мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек 114 мың отбасына берілсе, биыл 11 айда 76 мың отбасы алған. Жыл сайын мемлекеттен берілетін көмекке мұқтаж адамдардың саны азайып келеді.
Бұл жетістік, әсіресе, аз қамтылған отбасына жасалған кешенді әлеуметтік қолдаудың нәтижесі дейді вице-министр. Келісімшарт жасауды енгізудің арқасында биыл еңбекке жарамды 16 мың адам жұмыспен қамтылыпты.
Ал атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж аймақтар қатарында оңтүстік өңірлер аталды. Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстарында барлық әлеуметтік төлемнің 62 пайызы төленеді. Сондай ақ мемлекеттен берілетін көмекке ауыл тұрғындарына қарағанда, қалалықтар зәру болып шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!