2025 жыл — Жұмысшы мамандықтарының жылы
Мемлекет басшысы келер жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деген Жарлыққа қол қойды. 2025 жылы еңбек адамдары еленіп, атқарған жұмыстары насихатталуы тиіс.
Автор: Жаңалық Ахаш
27.12.2024
Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру үшін, алдымен кәсіптік және техникалық білім беру жүйесін реформалау жайы баса айтылған. Сондықтан колледж, лицейлерге енді айрықша көңіл бөлінеді. Жарлық қабылданбас бұрын президент күздегі Жолдауында жұмысшылардың жайын көтерген-ді. Сол кезде-ақ бір жылды арнау қажет екені айтылды.
Расында да қазіргі еңбек нарығында жұмысшы мамандықтарына сұраныс жоғары. Алпауыт компаниялардың өзі дәнекерлеуші мен құрылысшыдан бастап, қарапайым жұмысшы күшін таба алмай жатады. Ал жастар қолына күрек, сайман ұстаудан тартынады. Сондықтан жұмысшы мамандықтарына оң имидж қалыптастыру қазіргі күні — керек, дейді сарапшылар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!