Есірткінің халықаралық трафигіне тосқауыл қойылды — үш адам ұсталды
Есірткінің ірі халықаралық трафигіне тосқауыл қойылды. Метадон мен апиынды сату кезінде үш азамат қолға түсті.
Автор: Ақтоты Жұмабек
27.12.2024
Маңғыстау облысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі мен облыстық прокуратура бірлесіп, заңсыз есірткі тасымалының жолы кесті. Тінту барысында 600 данадан астам метадон мен 300 грамм апиын тәркіленген. Бұған дейін де осы жылдың қараша айында күш құрылымдары Алматы облысынан өңірге есірткі заттарын жеткізушілерін ұстап, 300 келіден астам қарасораның көзін жойған. Аталған деректер бойынша ҚР ҚК 297-бабы, 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қайырлы Ахмет, ҰҚК ресми өкілі:
— Заңсыз айналымнан 600-ден метадон таблеткасы мен 300 грамм апиын тәркіленді. Бұған дейін қараша айында Ұлттық қауіпсыздың камитеті департаментінің Мағыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен оңтүстік өңірлерден 300 келіден астам канабис тобының есірткілері тәркіленген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!