{metadescription}
Алматы әуежайының ескі терминалында табыс тауып отырған кәсіпкерлер тығырыққа тірелді
Алматы әуежайының ескі терминалында табыс тауып отырған кәсіпкерлер тығырыққа тірелді

Алматы әуежайының ескі терминалында табыс тауып отырған кәсіпкерлер тығырыққа тірелді

Алматы халықаралық әуежайы мен кәсіпкерлер арасындағы дау шешімін табар емес. Ескі терминалдағы 30-ға тарта бизнес өкілі маусымда жалға алып отырған орнын босату туралы ескерту алған. Бірақ оған еш негіз жоқ, дейді саудагерлер. Содан бері әуежай басшылығы кәсібімізге кедергі келтіруде дейді бизнесмендер. Сондықтан олар құзырлы орындарға шағымданған. Ал әуежай әкімшілігі кәсіпкерлердің әуежайда 2023 жылдан бері заңсыз отырғанын айтады.

Қазір тек ішкі рейстерді қабылдайтын ескі терминалда табыс тауып отырған 30-ға тарта бизнес өкілі тығырыққа тірелген. Олар маусымда әуежай әкімшілігінен сауда орындарын босату туралы қағаз алыпты. «Оның ешқандай құқықтық негізі жоқ» деген наразы топ кәсібін әлі де жалғастыруда. Негізі сауда орындарын жалға алу туралы келісімшарт мерзімі 2025 жылдың соңына дейін дейді олар.

Айжан Бектібаева, кәсіпкер:

Мен орынды босату туралы ескерту алдым. Бірақ әуежай әкімшілігінде ешқандай сот шешімі жоқ. Кәсібіміз  заңды, салықты уақтылы төлеп отырмыз. Жаңа терминалдан орын алуға мүмкіндік бермеді.

Алмагүл Әлиева Алматы халықаралық әуежайында 20 жылдан бері кәсібін дөңгелетіп келеді. Яғни ескі терминалдағы қоғамдық тамақтану орнының иесі. Енді әйел кәсібімнен бір күнде айырылып қалам ба деп алаңдаулы.

 Алмагүл Әлиева, кәсіпкер:

 – Қуып жатыр. Суды, жарықты өшіреміз деп келісімшартты бұзды. Енді жаңа жылдан бастап бізге не жарық, не су бермейді. Қараңғыда отырып жұмыс істеңдер деп тұр. Енді сол орынды босатыңдар, бұл жерге қайтадан тендер болады дейді. Бізге қаншама отбасы қарап отыр, мысалы, менің қарамағымда 12 адам жұмыс істейді.

Кәсіпкерлердің ғимаратқа кіріп-шығуына да шектеу қойылып жатқан көрінеді. Сондықтан наразы топ құзырлы орындарға жүгінген. Ал әуежай әкімшілігі Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы және Түрксіб аудандық сотының 2022 жылғы қос қаулысы негізінде, олар әуежайдағы сауда орындарын босатуға тиіс дейді. Яғни аумақ қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылуы керек.

«Алматы халықаралық әуежайы» АҚ:

Сот актілері Алматы қаласы Авиациялық көлік прокуратурасының талап-арызы бойынша қабылданды. Осыған байланысты 2023 жылдың 13 наурызынан, 20 шілдесінен және 21 қыркүйегінен кейін қандай да бір адамдардың ішкі рейстер терминалындағы сауда орнында қалуы  заңсыз. Олар бұл орындарды заңсыз қолданып, кәсіпкерлікпен айналысуда. Бұл ішкі рейстердің жолаушылар терминалын қайта құруға кедергі келтіруде.

Ал кәсіпкерлер жылдар бойы жүргізіп келе жатқан жұмысымызға тосқауыл қойылмаса дейді. Олар енді бір жылға созылған дауға нүкте қою үшін сотқа жүгінбек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.