Түркістан облысында бопсалағыш блогер ұсталды
Түркістан облысында бопсалағыш блогер ұсталды. Сарыағаш пен Келес ауданында өзін журналист ретінде таныстырып жүрген азаматты ұйымдасқан қылмысқа қарсы басқарманың қызметкерлері кісендеген.
Автор: Бек Әбиев
27.12.2024
34 жастағы азамат Сарыағаш ауданының білім бөліміне «жұмыстарыңа кесірімді тигіземін» деп қорқытып, әлеуметтік желідегі парақшасына жазбас үшін ауызбастырық сұраған. Сөйтіп банк картасына миллион теңге аудартқызған. Оны тінткен кезде картадан бөлек, журналистің қызмет куәлігі табылды. Әлеуметтік желіде белсенді болып жүрген блогерсымақ екі айға қамауға алынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!