Тәртіп сақшылары күшейтілген жұмыс тәртбіне көшеді
Елімізде жаңа жыл қарсаңында тәртіп сақшылары күшейтілген жұмыс тәртбіне көшеді. Оларға қай маңда адамдар көп жиналып, бұзалық болуы мүмкін аумақтарға қатысты нұсқаулар берілді.
Автор: Жаңалық Ахаш
27.12.2024
Мейрам жақындаған сайын полиция қызметкерлерінде тыным жоқ. Оның ішінде жаңа жыл қарсаңында сақшылардың тынығатын уақыты азайып, күні-түні кезекшілікке шығады. Мысалы, Ақтөбенің полиция департаментіне қарасты барлық жасақ облыс әкімдігі алдында сап түзеді. Оларға қай аумақта қанша тәртіп сақшысы қадағалау керектігі, бейнебақылау камераларынан көз алмай, шаһардың түкпір-түкпірін қарап отыруға міндетті екенін еске салды. Сондай-ақ жол сақшыларынан бастап, арнайы жасақ мінетін көліктердің техникалық жағдайы тексеруден өтті. Тіпті кезекшілікке шығатын иттердің де жұмысқа жарамдылығы қаралды.
Айдос Құлжанов, Ақтөбе облысы жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы:
— Мерекелік іс-шара өткізілуіне байланысты күшейтілген қызмет атқаруға көшуде. Қазір гарнизон тарату өткізудеміз. Жеке құрамға қоғамдық қауіпсіздікті іс-шаралар, мерекелік іс-шара өтетін жерлерде қауіпсіздікті қамту үшін арнайы нұсқама беріп жатырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!