{metadescription}
Көктайғақтан көлік кептелісі Самара - Шымкент тасжолының 300 шақырына дейін созылды
Көктайғақтан көлік кептелісі Самара - Шымкент тасжолының 300 шақырына дейін созылды

Көктайғақтан көлік кептелісі Самара - Шымкент тасжолының 300 шақырына дейін созылды

Қызылорда облысында көктайғақтан күре жол бойында көлік қозғалысы тоқтап қалды. Қар аралас жаңбырдан жол беті көкмұзға айналып, көліктер жүре алмай қалған. 

Тайғанақтап сайға сырғанаған кейбір көлік бір-біріне соғылды. Абырой болғанда жарақат алғандар жоқ. Ұзын-сонар көлік легінде үш мыңға жуық автокөлік тұралап қалды. Жол бойындағы дүрбелең Самара - Шымкент тасжолының үш жүз шақырымына дейін созылған. Полицейлер көктайғақта төрт жол көлік апаты тіркеліп, бес жүк көлігі жол жиегіне түсіп кеткенін айтады. Олар тез арада жолды жауып, көлік қозғалысын біртіндеп қалпына келтірді.

Мұратбек Манатов, Қызылорда облысы ПД полиция басқармасы бастығының орынбасары:

Шиелі ауданы мен Байқоңыр қаласы аумағындағы тасжолдың көктайғақ болуына байланысты 1200-ден астам автокөлік пен 2600-ден астам жүк күлік жолаушылары арнайы кешендерге орналастырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде