Синоптиктер: 2025 жылдың алғашқы күні ауа райы тұрақсыз болады
Жаңа — 2025 жылдың алғашқы күні ауа райы тұрақсыз болады. Синоптиктер қаңтардың бірінен бастап кей өңірде тіпті жаңбыр жауып, тұман түсуі де ықтимал деп отыр.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
30.12.2024
Жалпы республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деп күтілуде. Ертеңнен бастап оңтүстікте, оңтүстік шығыстағы таулы аймақтарда қатты жауын шашын түсіп, соңы қарға ұласуы мүмкін.
Ал батыста ауа температурасы түнде 5 градусқа дейін төмендесе, біраз облыста күшейіп, тұман түседі деп болжанып отыр.
Назерке Сүгірәлі, «Қазгидромет» РМК инженер синоптигі:
— Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында қар, бұрқасын, 1-2 қаңтарда қатты екпінді жел, батыста, оңтүстік-батыста, республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерінде жауын-шашын, көктайғақ күтіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!