{metadescription}
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл түрмеге қамалуы мүмкін
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл түрмеге қамалуы мүмкін

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл түрмеге қамалуы мүмкін

Елінде әскери жағдай енгізіп, басы бәлеге қалған Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл енді түрмеге қамалып тынатын түрі бар. Осы әрекеті үшін Ёлге парламент импичмент жариялап, қызметінен шеттеткен болатын.

Енді экс-президент қызметін асыра пайдаланғаны үшін абақтыға жабылуы мүмкін. 3 жылтоқсан күні әскери жағдай жариялағанда Юн Сок Ёл сасяси қарсыластары елде төңкеріс жарияламақ болды деп түсіндірген. Бірақ сол саяси қарсыластары ғана емес, бүкіл ел бұл шешімге қарсы шықты. Сөйтіп әскери жағдай да жылдам алынып, кейін Юн Сок Ёл қызметінен айырылып тынды. Енді істі қарап жатқан біріккен тергеу тобы экс-президентті қамауды сұрап отыр. Өйткені үш рет тергеушілердің шақыртуына келмепті. Тергеушілердің өтінішін Сеулдің батыс аймақтық соты қарап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.