{metadescription}
Жаңа жылға қандай сыйлықтар алған жөн
Жаңа жылға қандай сыйлықтар алған жөн

Жаңа жылға қандай сыйлықтар алған жөн

Жасанды жылан мен шыны шамқойғыш — тренд. Мереке қарсаңында қазақстандықтар сауда дүкендерін аралап жақындарына сыйлық алып жатыр. Биыл көбі келер жылдың символы, яғни жылан мен кәдесыйларға көңіл бөлуде. Осы тұрғыда мамандар сыйлық таңдағанда қалтаға қарау керектігін айтады. Биыл мейрамға тұрғындар қалай дайындалған?

Жұмыс күндері онсыз да кептеліс болатын Алматының көшелерінде жүру тіпті қиындай түсті. Мереке қарсаңында жақындарына сыйлық іздеп сабылған адам көп. Биыл тұрғындардың дені келер жылдың басты символы – жыланды сатып алуды жөн көреді екен. Одан кейінгі орында  шыны шамқойғыштар. Ал үздік үштікті кәдесыйлар түйіндеген.

Әркімнің неге қызығатына қарай. Қыз болса, түрлі құрастырғыш ойындар, ал ұл балаларға машина, көлік. Жануарлардың сөйлейтін түрлері бар. 

Біз бірнеше жыл болды, жаңа жылды тойламаймыз. Бірақ бала күнімізде тойладық. Қызым мектепке барды, сыйлық алды.

Жақсы сөз айтсаң, сол да жақсы сыйлық. Жақсы тілек айтсаң, ол да сыйлыққа жатады.

Осы мерекеде саудасын қыздырып жүрген жандар ерекше дайындалады. Шыршалар, сыйлықтар мен ойыншықтардың түр-түрі бар. Бағасы да сан-алуан. Дүкендерді аралап жүріп6 талғамыңыз бен қалтаңызға қарай базарлықтың қымбатын да, арзанын да таба аласыз. 

Светлана Лиходед, сатушы:

Жаңа жыл – дәстүрлі мереке. Осы жылы тұрғындар шыршаға ілінетін әртүрлі ойыншықты көптеп сатып алуда. Біздің дүкенде жыланның бейнесі бар ойыншықтар көп болды6 бірден сатылып кетті. Ал ата-ана балаларына жанып тұратын бұғыларды алады. Сыйлықтардың бағасы да әртүрлі мыңнан басталып, 56 мың теңгеге дейін.

Мамандар сыйлық аларда оның жылтыр қаптамасына емес, мазмұнына аса назар аудару қажет деп отыр. Мәселен, күнделікті қасыңызда отыратын әріптесіңізді қуантқыңыз келсе, алдын ала оның қызығатын дүниесін біліп алу керек деп кеңес береді. Өйткені сізге ұнайтын дүние басқа адамға ұнамай қалуы әбден мүмкін. Негізінен, мамандар мереке қарсаңында қатты шашылмай, шағын сыйлық бергенді дұрыс деп есептейді.

Катерина Молния, әлеуметтанушы:

Мәселен, ас үйге қажет затты сыйлаған дұрыс. Мерекелік дастарханға жарайтын дүниені сатып алу қажет, тәтті, шай немесе кофе болуы мүмкін. Мұндай сыйлықтар көбіне мұғалімдер мен дәрігерлерге ұнап жатады. Ал күнделікті көрісетін әріптесіңізге оның не нәрсеге қызығатынына қарап таңдау жасаған абзал.

Сыйлықпен қоса, мерекелік дастарханның да берекелі болғаны абзал. Мәселен, келер жылан жылында үстелге көкөністер мен жемістерді, сондай-ақ жаңғақтар мен майсыз етті қойған жөн.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде