{metadescription}
Павлодар: Шатырына Аяз ата орнатып, қақпасына шырша салған
Павлодар: Шатырына Аяз ата орнатып, қақпасына шырша салған

Павлодар: Шатырына Аяз ата орнатып, қақпасына шырша салған

Павлодарлықтар биыл жаңа жылға ерекше дайындалып жатыр. Тұрғындар қала көшесі мен үйін ерекше безендіріп, жаңа жылдық әшекейлерді жарқыратып қойған. Бұл үй алыстан көз тартып тұрады. Ол бес жылдан бері қала тұрғындарына жаңа жылдық көңіл күй сыйлап тұр. Үй иесі мерекеге он күн қалғанда ауласы мен үйін безендіре бастайтын көрінеді. Сондай-ақ жыл сайын жаңа атрибуттар қосып ерекшелеуге тырысады. Биыл ол үй шатырына Аяз ата шығарып, қақпасына шырша салған.

Надежда Мессер: 

Бұл ой маған күтпеген жерден келді. Алдымен ауламды аздап сәндеп қойдым. Содан соң тағы бір әшекей қостым. Бес жылда осындай дәрежеге жеткіздім. Келер жылы бұдан да ерекше жасау ойымда бар. Басында осыны өзім үшін істеп едім, сөйтсем, қала тұрғындары да күтеді екен. Әрі-бері өткен адамдар: «Биыл үйіңізді безендірмейсіз бе деп сұрайды. Оларға да ұнайтын болып тұр ғой.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қаңтар

02 қаңтар

01 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде