Алматыда күзетшіні қатыгездікпен өлтірген тұрғынға қатысты сот басталды
Алматыда күзетшіні қатыгездікпен өлтірген тұрғынға қатысты сот басталды. Мас күйде машинасымен Нұрбол Қайыпбаевты таптаған қаскөйге екі бап бойынша айып тағылған. Сот жабық өтіп жатыр.
Автор: Әсем Лесбек
06.01.2025
45 жастағы күдікті бір емес, екі қылмысы үшін жауап беріп жатыр. Біріншісі — күзетшіні өлтіргені, екіншісі — өзгенің порнография видеосын әлеуметтік желіге жүктегені үшін. Бүгін тек куәгерлерлер мен күдіктінің қорғаушысынан, медицина қызметкерлерінен жауап алынды.
Еске салсақ, жантүршігерлік қылмыс осыдан он ай бұрын Самал ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болды. Удай мас болып рөлге отырған күдікті қақпаның алдындағы күзетшімен сөзге келіп, соңынан оны көлігімен таптаған, онымен де тоқтамай, есінен танып жатқан жігіттің басына бірнеше рет секірген. Зардап шеккен азамат ауыр халде ауруханаға жеткізілгенімен, көп ұзамай көз жұмды. Осыдан кейін күдікті тергеуге алынып, прокурорлар оның ісін «психикасы бұзылған» деп тоқтатқан да еді. Бірақ кейін ешқандай ауытқуы болмағаны анықталып, іс қайта жандандырылған.
Асылбек Әбдірайымов, адвокат:
— Өтініш-талап білдірдік, 147 бап бойынша қылмыстық істі, ол эпизодты бөлек, жабық түрде қарап, ал қасақана адам өлтіру оқиғасы бойынша ашық түрде қарасын деп. Сот сотталушыға алқабилердің қатысуымен қарауына талап-өтініш білдіре алатынын түсіндірді. Бірақ сотталушы өз құқығынан бас тартты. Ол жерде алқабилердің қатысуымен болғаны дұрыс болатын еді. Бірақ jk сотталушының өз құқығы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!