{metadescription}
Қытайда таралған метапневмовирус елімізде де анықталды, бірақ...
Қытайда таралған метапневмовирус елімізде де анықталды, бірақ...

Қытайда таралған метапневмовирус елімізде де анықталды, бірақ...

Қытайда тарап елді біраз шошытқан метапневмовирус біздің елде де анықталған. Бірақ алаңдауға еш негіз жоқ, деп отыр мамандар. Өйткені эпидемиологиялық жағдай қалыпты. Одан қалды, метапневмовирус бұған дейін айтылғандай, емі жоқ жаңа ауру емес — Ковид-19-ға ұқсас.

Айжан Есмағанбетова, Ұлттық денсаулық сақтау қоғам орталығының басшысы:

Елімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Метапневмовирус жаңа вирус емес. Ол 60 жыл бұрын анықталған. 60 жыл бойы эпидемиологиялық маусымда барлық әлемде де, бізде де таралады. Ол жіті респираторлық вирустың бір түрі. Метапневмовирус жас адамдарда жеңіл өтеді. Бірақ бес жасқа дейінгі балаларда, қарт адамдарда, созылмалы ауруы бар адамдарда ауыр өтуі мүмкін. 

Мамандардың айтуынша, биылғы эпидемиологиялық маусымның бір ерекшелігі тұмау сияқты инфекциялық аурулар ерте басталған. Қазан айынан бері 2 миллионнан астам адам жедел респираторлық вирустық инфекция жұқтырыпты. Ал мұндай вирустың 200-ден аса түрі бар. Соның ішінде жұрттың үрейін алған метапневмовирус та бар. Аталған індет белгілері кәдімгі тұмауға ұқсайды дейді дәрігерлер. Дене қызуы көтеріліп, бас, тамақ ауруы және әлсіздік. Бірақ індеттің емі кәдімгі тұмау емдегенмен бірдей. Бұл вирусқа арнайы вакцина жоқ. Арнайы зертханада тексерілгеннен кейін, Қазақстанда 30 адамда аталмыш метапневмовирус анықталған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде