Елімізде зейнетақы, жәрдемақылар өсіп, айлық есеп көрсеткіші ұлғайды
1 қаңтардан бастап елімізде зейнетақы мен басқа да жәрдемақылар өсті. Айлық есептік көрсеткіш мөлшері де ұлғайды.
Автор: Мерей Қалиасқар
06.01.2025
Мәселен, бір айлық есептік көрсеткіш 3 692 теңгеден 3 932 теңгеге өсті. Базалық зейнетақы және сәбилі болғандар, көпбалалы отбасылар, мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы көлемі де артты.
Үкімет ең төменгі күнкөріс деңгейін 46 228 теңге деп белгілесе, ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғыша қалған. Айта кетейік, оның көлемі 85 мың теңге.
Жалпы мемлекет халық алдындағы әлеуметтік міндеттерін орындау үшін биыл бюджеттен 6 трлн теңге бөліп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!