Ерлан Қарин: Мемлекет жастардың тың бастамасын қолдауға дайын
Мемлекет жастардың тың бастамасын қолдауға қашан да дайын. Бұл маңызды тетікті «Дала қырандары» жастар бірлестігінің белсенділерімен кездесуінде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ерекше атап өтті.
Автор: Айжан Шамшидин
06.01.2025
Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:
— Жастардың үлес салмағы 5,7 миллион. Ал студенттердің саны қанша бізде 600 мың. Сонда қарап отырсақ, 5 мың қоғамдық ұйым, 80-90 пайызы, негізі сол студенттік жастармен айналысады. Біздің масат — осындай, назардан тыс қалып жатқан біздің күшіміз, назарымыз жетпей жатқан — жастар аудиториясына жету.
Мемлекеттік кеңесші жастар саясатын жүргізудегі негізгі алғышарттарды өзгертетін кездің келгенін айтты. Яғни бұл ретте қандай да бір бастама көтерілген жағдайда, жақсы істің
басы-қасында жастардың өзі алғы шепте жүруі тиіс. Бірге, біте қайнасып істеген істе ғана нәтиже болады. Бұл қағиданы алғаш рет мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та өзінің сайлауалды бағдарламасында атап өткен болатын. Өз кезегінде «Дала қырандары» бірлестігінің еріктілері мен белсенділері де нашақорлық, зорлық-зомбылық, буллинг, вандализм, ойынқұмарлық пен ысырапшылдыққа қарсы табанды күреске дайын екенін жеткізді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!