Ертіске құлаған көлік шығарылғанымен, қыз бен жігіт табылмай жатыр
Семейде Ертіс өзеніне құлаған көлік судан шығарылды. Алайда құтқарушылар машинаның ішінде болған жігіт пен қызды таба алмай жатыр.
Автор: Ұлан Нұрахмет
06.01.2025
Жүргізуші тежегіш пен газды шатастырып, көлік өзенге құлап кеткен көрінеді. Сол сәтте салонда төрт адам болған екен. 22 мен 24 жас аралығындағы екі жігіт пен қос қыз. Оның біреуі судан өзі жағаға жүзіп жеткен. Ал құтқарушылар бір қыздың денесін шашамен жеті шақырым жерден тауып алды. Арыны қатты Ертіс өзені автокөлікті оқиға орнынан 500 метр жерге әкеткен. Мамандар оны гидролокатордың көмегімен әрең тапқан. Сүңгуірлер жүргізуші мен қызды іздестіріп жатыр.
Азамат Орымбаев, Абай облысы ТЖД бастығының орынбасары:
— Көлік өзеннен шығарылды. Ішінде адам табылған жоқ. Таңғы жетіден бастап көлік құлаған жерден 100-ден астам құтқарушы полиция қызметкерлері және белсенділер жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстары жалғасуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!