{metadescription}
Жамбыл облысы: Көлігімен отшашу көрсеткен жүргізуші жауапқа тартылды
Жамбыл облысында отшашуды көліктің жүк салғышына жапсырып алып «шоу» көрсеткен жүргізуші жауапқа тартылды.
Автор: Сәбит Әлдебай
06.01.2025
Ол түн ортасында фейрверк тұтатып, орталық алаңда тоқтамастан ойқастаған. Мереке күндері болған жағдай Меркі ауданының орталық алаңындағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Полицейлер айналасына қауіп төндірген 28 жастағы жүргізушіні әкімшілік жауапқа тартты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!