{metadescription}
Нью-Йорк орталығына көлікпен кіру — ақылы
Нью-Йорк орталығына көлікпен кіру — ақылы

Нью-Йорк орталығына көлікпен кіру — ақылы

Нью-Йорк орталығына көлікпен кіру енді ақылы. Жеңіл көлік үшін бір күндік тариф — 9 доллар. Мұндай бастама Манхэттендегі кептелісті азайтып, қоғамдық көлікпен жүретін жолаушы санын арттыруға бағытталған.

Жаңа ереже 5 қаңтардан бастап күшіне енді. Тариф көлік түріне және уақытқа байланысты өзгеріп тұрмақ. Жұмыс күндері таңғы 5-тен сағат 21:00-ге дейін және демалыс күндері таңғы 9-дан кешкі 9-ға дейін жеңіл көлікке төлем 9 доллар болса, кішігірім жүк көліктері мен коммерциялық емес автобустар 14,4 доллар, ал үлкен жүк көліктері мен туристік автобустар 21,6 доллар төлеуге тиіс. Түнгі уақытта жол ақысы 75 пайызға төмендейді. Нью-Йорк штатының губернаторы жүргізушілерден мұндай ақы жинауды екі жыл бұрын ұсынған болатын. Алайда көпшіліктің шағымынан кейін ереже кейінге қалдырылған-ды. Енді қайта қаралып, күшіне енген төлемнің арқасында Манхэттендегі көлік саны кемі 80 мыңға азаяды деп күтілуде. Дегенмен бұл жаңашылдық жергілікті жүргізушілер арасында қарсылық тудырып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде