{metadescription}
«Бес сағат ота». Көкшетауда бүлдіршін 39 магнит жұтып қойған
«Бес сағат ота». Көкшетауда бүлдіршін 39 магнит жұтып қойған

«Бес сағат ота». Көкшетауда бүлдіршін 39 магнит жұтып қойған

Көкшетауда төрт жасар бүлдіршін 39 магнит жұтып қойған. Ойыншықтың бөлшектері асқазанына кеткен баланы құтқару үшін дәрігерлер бес сағат бойы ота жасаған. Үйінде үш күн жатып қалған баланың ішектері іріңдей бастаған дейді дәрігерлер.

Ойын баласы ауруханаға қаңтардың екісі күні ауыр жағдайда жеткізілген. Анасы 31 желтоқсан күні сәбидің ауызынан бірнеше магнит шарын суырып алған. Осымен бәрі біттіге санап мән бермеген. Алайда бала көп ұзамай құсып, ауыра бастайды. Ата-анасы баланың нәр татпай, көз алдында солып бара жатқанын көріп, тек үшінші күні ғана дәрігерлерге жүгінген. Балаға тез арада рентген жасалып, шұғыл түрде отаға жатқызылды. Енді бір күн кешіккенде, баланың хәлі бұдан да мүшкіл болар еді. Өйткені магниттер баланың ішектерін зақымдап, ол іріңдей бастапты.

Ербол Жұмағалиев, Ақмола облысы көпбейінді балалар ауруханасы анестезиология және реанимация бөлімінің меңгерушісі:

Баланы біз реанимация бөлімшесінен жалпы хирургияға түсірдік. 31 желтоқсаннан бастап ешқандай тамақ та, су да ішпеген, құсқан. Перитонит деп аталады. Іш құрлысы қабынған. Операцияға дайындап, одан кейін хирургтармен бірлесе отырып, бес сағат бойы ота жасалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде