{metadescription}
Алматы: Элита кешенінде үй тонамақ болып, ерлі-зайыптыны атқан қаскөй ұсталды
Алматы: Элита кешенінде үй тонамақ болып, ерлі-зайыптыны атқан қаскөй ұсталды

Алматы: Элита кешенінде үй тонамақ болып, ерлі-зайыптыны атқан қаскөй ұсталды

Алматының элита кешенінде үй тонауға келіп, ерлі-зайыптыны атып кеткен қаскөй екі аптадан кейін құрықталды. 38 жастағы күдікті қылмысына дейін сол пәтерге жиһаз орнатуға барып, ақша толы сейфті байқаған екен.

Оңай олжаны ойлаған Жетісу өңірінің тұрғыны сөйтіп қарақшылыққа қамдануға көшкен. Nef Uptown тұрғын үй кешені жөнді күзетілмейтіндігін білген ол, жүзін жай ғана медициналық бетперде мен шарфпен тұмшалап, аумаққа емін-еркін кіріп кеткен. Сол пәтердің жарығын подъездегі электр торабынан сөндіреді. Артық шу шығармас үшін тоқсыз қалған үй иелеріне өзін электрикпін деп таныстырып, есігін ашып алыпты. Алайда қарумен қорқытып, ым-жымсыз сейфтегі ақшаны алып кетемін деген қаскөйдің арам ойы жүзеге аспады. Ұрыны байқаған ерлі-зайыпты онымен төбелесе кеткен, артынан шыңғырып көмек сұраған. Қаскөй шамасы келмеген соң, тапаншадан оқ жаудырып қаша жөнелген. Қылмыс болған элита тұрғын үй кешенінде толып тұрған бақылау камераларының біреуі де істемейтін болған соң, қарақшыны табу оңайға соқпады. Ал қолы мен кеуде тұсынан жарақат алған ерлі зайыпты әлі ауруханада жатыр.

Пәтердің есігін әйелі ашты. Мен оларға «жерге жатыңдар» деп айттым. Сосын ата бастадым. Қаруды тауып алғанмын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.