{metadescription}
Ақтаудағы әуе апаты: Қара жәшіктерді декодтау аяқталды
Ақтаудағы әуе апаты: Қара жәшіктерді декодтау аяқталды

Ақтаудағы әуе апаты: Қара жәшіктерді декодтау аяқталды

Ақтау маңында апатқа ұшыраған әуе кемесінің қара жәшіктерін декодтау аяқталды. Жазу құрылғысынан жиналған ақпарат Бразилиядан Қазақстанға жіберілген.

Қос қара жәшік Embraer ұшағын шығарған елге қаңтардың бірінде жеткізілген болатын. Келесі күні Бразилияның Авиация оқиғаларын тергеу орталығында мамандар оны зерттей бастады. Материалды талдауға жергілікті үш тергеуші, сондай-ақ Қазақстан, Әзірбайжан мен Ресей өкілдері қатысқан. Әзірге жазу құрылғысынан қандай мәлімет анықталғаны жарияланған жоқ.

Еске салсақ, 25 желтоқсанда Azerbaijan Airlines компаниясының Бакуден келе жатқан рейсін Грозный қабылдамай Махачкалаға жіберіп, кейін экипаж Ақтауға бет алған. Каспий теңізі үстінде әуе кемесі төтенше жағдайға тап болғаны туралы белгі берген. Көп ұзамай, борт Ақтау маңында апатқа ұшырады. Әуе кемесінде болған 67 адамның 38-і көз жұмды. Ал көрер жарығы бар 29 адам тірі қалды. Қайғылы оқиғаға қатысты қазір тергеу жүріп жатыр. Алғашқы қорытындысы ИКАО-ның 13 -шарты бойынша апат болған күннен отыз тәуліктен кешіктірмей жариялануы тиіс.

ҚР Көлік министрлігі:

Алдағы күндері Астанаға авиация оқиғасын тергеу жөніндегі комиссия мүшелері қара жәшіктерден алынған материалдарды күтіп отыр. Келген соң, сарапшылар бортта өздігінен жазғыштардан алынған деректі дереу зерделеуге кіріседі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде