Ресей: Самара маңында жол апатынан екі қазақстандық азамат қаза тапты
Ресейдің Самара қаласының маңында болған жантүршігерлік жол апатынан екі қазақстандық азамат қаза тапты. Бүгін олардың сүйегі елге жеткізілді.
Автор: Сәбит Әлдебай
07.01.2025
Қаралы көшпен апаттан аман қалған жеті адам да Орал қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуі — бала. Зардап шеккен ел азаматтарына бұған дейін «Большая глушина» елді мекеніндегі ауруханада алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Қазір олар отандық дәрігерлердің бақылауына алынды.
Айта кетейік, қазақстандық жолаушылар 5 желтоқсанда Самара - Большая Чениговка тас жолында апатқа ұшырады. Оқиға орнында екі адам қаза болып, жеті адам ауыр жараланған.
Диас Жайлаубайұлы, Орал көпбейінді аурухана бас дәрігерінің орынбасары:
— Бір науқас жансақтау бөліміне жатқызылған болатын. Бірақ жағдайы қалыпты. Екі науқас политравма бөлімінде. Сүйектері сынған, жағдайы орташа ауыр. Бір науқас нейрохирургия бөлімінде. Жабық ми жарақатымен, жағдайы орташа ауыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!