{metadescription}
Қарағанды облысы: Жол тазалығын сақтамаған жауапты мекемелерге айыппұл салынды
Қарағанды облысы: Жол тазалығын сақтамаған жауапты мекемелерге айыппұл салынды

Қарағанды облысы: Жол тазалығын сақтамаған жауапты мекемелерге айыппұл салынды

Қарағанды облысында полицейлер жол тазалығын сақтамаған жауапты мекемелерге 315 мың теңге айыппұл салды. Хаттама «ҚазАвтожол» мен төрт мергідер компанияға жолданған.

Жыл басталғалы облыстағы тас жолдар алты рет жабылды. 3 қаңтар күні Қарағанды - Астана тас жолында мыңнан аса көлік кептеліске түскен. Тәртіп сақшылары оларға жол бастап беріп, қар құрсауынан аман-есен алып шығып, оларды Ақмола облысының шекерасына дейін жеткізген. Содан кейін жолдың жағдайын тексерген. Нәтижесінде қар мен мұз басқан бөліктердің тазартылмағаны анықталды. Дегенмен жол компаниялары салынған айыппұлды шыбын шаққан құрлы көрмейді. Өткен жылы қар күремегені үшін мердігерлерге 25 миллион теңге айыппұл салынған. Жыл басталысымен ескі әуеніне тағы басты.

Ерлан Әубәкіров, Қарағанды облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы: 

Бір апта ішінде қызметкерлер жолдың 30 бөлігінде тексеру жүргізді. 14 ескерту құжаты жасалды. Сонымен қатар жолдың тазаланбауына байланысты 7 хаттама толтырылып, жалпы сомасы 315 мың теңгеге айыппұл салынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде