{metadescription}
«Қазгидромет»: Бірқатар өңірде қар жауып, боран соғады
«Қазгидромет»: Бірқатар өңірде қар жауып, боран соғады

«Қазгидромет»: Бірқатар өңірде қар жауып, боран соғады

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады деп күтілуде. «Қазгидрометтің» болжамы бойынша, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде қалың қар жауып, боран болуы ықтимал.

Күн райының құбылуына Оңтүстік Каспий циклоны әсер етуде. Салдарынан оңтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады. Ал, Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын күтілуде. Алайда, 8 қаңтарда батыс анти-циклоны кіріп, күн күрт суиды. Еліміздің сотүстік бөлігінде түнде ауа температурасы 15-25 градусқа дейін төмендесе, оңтүстігінде 5-15 градусқа дейін түседі. Алматы және Жетісу облыстарының таулы аудандарында аяз 20-25 градусқа дейін жетуі мүмкін. Қазгидрометтің болжауынша 9 қаңтарда күн қайта жылынады. 

Афродита Пірімжар, «Қазгидромет» РМК инженері:

Тоғызыншы қаңтарда ауа температурасы қайта көтеріледі. Республиканың солтүстік бөлігінде 05 градус аяз, 05 градус жылы болады. Сонымен қатар желдің күшеюі, көктайғақ және тұман болжануда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде