{metadescription}
«Рождество». Қасым-Жомарт Тоқаев: Татулық пен сенім — басты құндылық
«Рождество». Қасым-Жомарт Тоқаев: Татулық пен сенім — басты құндылық

«Рождество». Қасым-Жомарт Тоқаев: Татулық пен сенім — басты құндылық

Мемлекет басшысы христиан дінін ұстанатын қауымды Рождество мерекесімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев татулық пен сенім қай кезеңде болмасын басты құндылық екенін атап өтті.

Еліміздің православ христиандарына зор денсаулық пен бақ-береке тілей отырып, президент Қазақстанның тұрақты даму жолында ұлттар мен ұлыстардың, діндер мен конфессиялардың өзара түсіністігі маңызды рөл атқаратынын айтты. Жалпы Рождество мен Құрбан айт 2005 жылдан бері ресми түрде аталып, демалыс күні ретінде белгіленген.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Рождествода азаматтар ерекше қуанышқа бөленеді, православ дінін ұстанатын адамдар жақындарына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж адамдарға жанашырлық танытуға асығады. Православ діні елдің берекелі бірлігі мен ырысты ынтымағын нығайта түсуге, жалпыұлттық бірегейлігіміздің өзегі саналатын отаншылдық, жасампаздық және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дәріптеуге мол үлес қосып келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде