{metadescription}
Қарағанды облысының 63 елді мекенінде арақтан түбегейлі бас тартқан
Қарағанды облысының 63 елді мекенінде арақтан түбегейлі бас тартқан

Қарағанды облысының 63 елді мекенінде арақтан түбегейлі бас тартқан

Қарағанды облысында арақтан түбегейлі бас тартқан ауыл саны артып келеді. Бүгінге дейін 63 елді мекенде ащы су сатылмайды. Тіпті той-томалақтар да арақ-шарапсыз өтеді. Осыған орай қылмыс та күрт азайып, кейбірінде тіпті бірнеше жыл бойы учаскелік инспекторға арыз-шағыммен келген адам болмапты. Арақтан бас тартқан ауылдардың бірінде КТК тілшісі болып қайтты.

Қарағанды облысындағы арақтан бас тартқан ауылдардың барлығы шағын елді мекен қатарына жатады. Өйткені олардың ешқайсысында тұрғын саны мыңнан аспайды. Мәселен, Қарақұдық ауылында 693 адам тұрады.

Беспаевтар отбасында отағасы арақты ұмытқанына 20 жылдай болған. Қазір айрандай ұйыған әулеттің дастарқанына ащысу атаулы қойылмайды. «Жас кезде іштік, жүрдік, бірақ одан пайда көрген жоқпын» - дейді. Айтуынша, онсыз да көңіл көтеруге әбден болады. 

Қаныш Беспаев:

Бізде ауылда кеш немесе біреудің туған күні болса, өткен өмірді еске алып, қызықты әңгіме бала кездегі болсын, бертіндегі болсын, улап-шулап, әңгіме айтамыз. Көршінің үйіне барғанда «сюрприз» дейді ғой, басқаша киініп барамыз. Адам арақ ішпей-ақ та билейді. Өткен-кеткенді еске алып, жастарға тілек айтып дегендей.

Балалары жабағы тайларды тақымдаған ауылда су жаңа спорт орталығы да бар. Бұл да үлкен-кішіге ермек болған. Ал ауылдағы бес дүкен сөрелерінде арақ атаулы мүлдем жоқ. Өйткені ауыл тұрғындары ащысу алуды біртіндеп тоқтатқан.

Лаура Мүкеева сатушы:

Тауар әкелгеннің өзінде де арақ алмайды, бізде қазір арақ ішпейді. Кезінде ішетінін ішіп алған шығар. Арақ алмайды. Алкоголь жоқ жерде береке болады. Берекелі ауыл, мысалы шаңырағымыз берекелі. Өзіміз ішпегеннен кейін, білмеймін, менің ойымша, адамның жанында қуаныш болса, алкогольсіз де болады.

Спортпен шұғылданып араққа жоламайтын жастарға қарап, Кеңестер заманы таңған 100 граммнан үлкендер да біртіндеп тыйылған. Мұндай ауылдарда қылмыс та жоқ. Қарақұдықта үш жылдан бері арыз тіркелмеген. Отбасындағы немесе ағайын арасындағы ұсақ-түйек кикілжіңді учаскелік испектор шама-шарқынша реттейді.

Қуаныш Қалелов, Қарақұдық ауылының участок испекторы:

Ондай жағдайда біз үйге барып, әңгіме өткіземіз. Күйеуімен де, әйелімен де, жеке-жеке, оның арты неге апарып соғатынын. Бұл ауылда тұратын адамдардың түгелі осы жерде туғандар. Көшіп келген ешкім жоқ. Сондықтан ондайға дейін барған емес. Ішімдік сататын ауыл мен сатпайтын ауылдың айырмашылығы болады, өйткені қандай да қылмыстың артында спирттік ішімдік жатады.

Полицейлерге бәрібір тыным жоқ. Өйткені маңайдағы ауылдарда арақ бар. Ащысуы бар жерде ұрлық- қарлығы мен бұзақылығы, тіпті адам өлімі де тіркеледі дейді. Учаскелік инспекторлар «барлық ауыл Қарақұдықтай болса» деп армандайтынын жасырмайды. Әзірге Қарағанды облысында 63 ауылды әзәзіл айналып өтуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде