{metadescription}
«Телефон алаяқтары». Қарағанды облысында құрылғылар мен SIM-карталар тәркіленді
«Телефон алаяқтары». Қарағанды облысында құрылғылар мен SIM-карталар тәркіленді

«Телефон алаяқтары». Қарағанды облысында құрылғылар мен SIM-карталар тәркіленді

Қарағанды облысында телефон алаяқтары ұсталды. Олардың жалдамалы пәтерінен тәртіп сақшылары елге қоңырау шалуға арналған құрылғылар мен 200 ден астам SIM-карта тәркіледі.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Теміртау қаласының 34 және 36 жастағы екі тұрғыны ұсталған. Күдіктілер жалдамалы пәтерде отырып абоненттік құрылғылардың сәйкестендіру кодын заңсыз өзгерткен, арнайы бағдарлама жасап, жабдықтар орналастырған. Олар әр 10 күн сайын пәтерге келіп, құрылғылардағы SIM-картаны ауыстырып отырыпты. Тінткен кезде полиция қызметкерлері 232 SIM-карта мен екі жиынтық SIM-бокс жабдығын тәркіледі. Енді оныың қанша адамға қоңырау шалып, алдап ақша алғаны анықталып жатыр. Сондай-ақ қылмыстық іс қозғалып, сыбайластарын әшкерелеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде