{metadescription}
Тибеттегі зілзаладан қаза тапқан адам саны жүзге жуықтады
Тибеттегі зілзаладан қаза тапқан адам саны жүзге жуықтады

Тибеттегі зілзаладан қаза тапқан адам саны жүзге жуықтады

Тибеттегі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны жүз адамға жуықтады. Магнитудасы 7,1 зілзаладан 130 адам зардап шеккен. Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша таңғы 9-да тіркелді. Ошағы Джомолунгма тауынан солтүстікке қарай 80 шақырым жерде. Қытай мен Непал арасындағы бұл жер сейсмикалық белсенді аймаққа жатады. Құтқару жұмыстарына мың жарым адам жұмылыдырылған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жойқын апатқа байланысты Қытай Халық республикасының төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтып жеделхат жіберді.

Магнитудасы 7,1 жер сілкінісі Қытайдың Тибет автономиясында таңғы 9-да тіркелді. Жойқын зілзаланы, әсіресе Динжи округінің тұрғындары қатты сезген. Соңғы мәліметтерге сәйкес, табиғи апаттан 95 адам ажал құшқан. Тағы зардап шеккен 130 адам ауыр жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Жерасты дүмпулерінің кесірінен елде мыңнан астам ғимарат зақымданып, кейбірі қирап қалған. Сейсмологтар таңғы жер сілкінісінен соң өңірде тағы 49 афтершок тіркеген. 

Қытай сейсмологиялық желі орталығы:

7 қаңтарда таңғы сағат 09:05 (Астана уақыты бойынша 06:05) барлығы 49 афтершок тіркелді. Оның ішінде магнитудасы 3-тен төмен 33 афтершок, магнитудасы 3-тен жоғары және одан жоғары 16 афтершок. Атап айтқанда, 13 афтершок – магнитудасы 3-тен 3,9-ға дейін және үш афтершок магнитудасы 4-тен 4,9-ға дейін тіркелді. Ал магнитудасы 4,4 болатын ең жоғары дүмпу негізгі ошақтан, шамамен 18 шақырым жерде тіркелді. 

Қытай Халық республикасының төрағасы Си Цзиньпин мамандарға бірден ауқымды құтқару жұмыстарын бастауды бұйырды. Оқиға орнына 1500-ден астам құтқарушы мен өрт сөндіру мамандары жөнелтілді. Жерасты дүмпулерінің ошағы Джомолунгма тауының маңында болған. Сондықтан қазір жер бетінің ең биік шыңы саналатын Эверест саябағы туристерге жұмысын уақытша тоқтатты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көршілес елдің төрағасына суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын және Қытай үкіметіне қайғыра көңіл айтатынын жеткізді. Бүгінгі Тибеттегі сілкіністің толқыны Непал, Үндістан, Бутан мен Бангладеш елдеріне дейін жеткен. Кейбір шетел сейсмолагтары соңғы 100 жылдың ішінде мұнда алты және одан жоғары балл құрайтын он жер сілкінісі тіркелгенін мәлімдеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде