Мекке мен Мәдинаны су басып, Сауд Арабиясының бірнеше шаһарында тасқын жүрді
Қасиетті Мекке мен Мәдинаны су басты.Сондай-ақ Сауд Арабияның бірнеше шаһарында нөсер жаңбырдан кейін тасқын жүрген.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
07.01.2025
Жидда қаласы да топан судың астында қалды. Сауд Арабиясының метеорология басқармасы бұл қалаларда қауіптің қызыл деңгейін жариялады. Әлеуметтік желілерде тарап жатқан видеолардан жаңбыр суының айналаны түгел басып қалғанын байқауға болады. Тіпті, топан су жолындағы ағаштарды қопарып, инфрақұрылымға да зақым келген. Ал көшедегі көліктер түгел суға батып қалған.
Айта кетсек, мұндай жағдай Сауд Арабиясында алғаш рет емес. 2009 жылы Жиддада су тасқыны болып, 100-ден аса адам ажал құшқан еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!