{metadescription}
Солтүстік Кореяда жаңа заң — хот-дог жегендер мен ажырасқандар жазаланады
Солтүстік Кореяда жаңа заң — хот-дог жегендер мен ажырасқандар жазаланады

Солтүстік Кореяда жаңа заң — хот-дог жегендер мен ажырасқандар жазаланады

Хот-Дог жегендер мен ажырасқандар жазаланады. Солтүстік Кореяда осындай жаңа заң шығып, оған бағынбағандар қатаң жазаланбақ.

Ел президенті Ким Чен Ын хот-дог батыстағы елдердің тағамы боп есептелетіндіктен, оны жегендер және тіпті үйінде дайындағандар мемлекетін сатқанмен тең деген. Сондықтан фаст-фудтың бұл түрінен дәм татқан КХДР елінің кез келген азаматы еңбек лагеріне жіберіледі. Яғни алты айға дейін ауыр жұмысқа жегілмек.

Сондай-ақ бұл елдегі ажырасқысы келген жұпты райынан қайтару үшін қатал заң ойлап табылған. Некесін бұзғандар алты айға абақтыға аттанады. Әсіресе әйелдердің жазасы ауырлау болмақ. Өйткені ажырасу социалистік қоғамға жат қылық деп есептеледі делінген заңда. Алайда бұған қарамастан, 12 адам заң бұзып үлгеріп, олар сот шешімімен Кимшонсук округына еңбекпен түзеуге жіберілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде