{metadescription}
0:000:00
Қытай: Харбинде халықаралық мұз фестивалі басталды

Қытай: Харбинде халықаралық мұз фестивалі басталды

Қытайдың Харбин қаласында XXXXI халықаралық мұз фестивалі басталды. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған шеберлердің туындысын тамашалауға мыңдаған турист ағылған. Аумағы 1 миллион шаршы метр саябақта мүсіншілер қар мен мұздан 42 мемлекеттің ең көрікті жерлері мен танымал ескерткіштерінің көшірмесін соққан. Бұл елдер Харбинде ақпан айында ашылатын Қысқы Азия ойындарының қатысушылары.

Қардан жасалған мүсіндердің биіктігі тоғыз метрге дейін жетеді. Арасында дүниежүзіне танымал сәулет өнерінің ескерткіштері де бар. Ал түнде бұлардың бәрі жарық лазерлермен сәулеленіп, қонақтарды ертегі әлемінде жүргендей сезімге бөлейді. Мүсіндер мерекесі көктемге дейін жалғасады.

Чэнь Аньци, турист:

Қатты толқып тұрмын, Харбинге бірінші рет келуім. Мұндағы мұз бен қар әлемі таңқалдырды. Бұл жерде қар жауғанымен, күн суық болмайды екен.

Ли Сяошэн, турист:

Отбасыммен демалуға келдім. Бұл жер сондай әдемі, керемет. Маған жәні отбасыма қатты ұнады. Харбин жұрты да қонақжай екен. Ғажап!

Мүсіндерді жасауға 300 мың текше метр қар мен мұз жұмсалған. Сонымен қатар әлемдегі ең үлкен аққала да осы қалада соғылды. Қалашықтың құрылысына 260 кәсіби мүсінші,10 мың жұмысшы және мыңнан аса техника жұмылдырылған. Қазір осы ғажайыпты көруге туристер ағылып жатыр.

Айта кету керек, саябақ жылда қыс мезгілі түсісімен салынады. Бұл 1985 жылдан бері дәстүрге айналған.

Сунь Цзэмин, фестиваль қызметкері:

Биыл Харбин тарихындағы мұз бен қарлы ең үлкен көше болдық. Саябақтың аумағы миллиондаған шаршы метрге жетті. Сонымен бірге саябақ бойынша су тұтыну үш мың текше метрге жетті. Демек бұл ауданымыздағы көктайғақ пен қар басқан ең үлкен көше.

Харбин халықаралық мұз және қар фестивалі 1985 жылдан бері өткізіліп келеді. Ол әлемдегі төрт негізгі қысқы фестивальдердің бірі. 42 мемлекеттің көрікті жерлерінің мұздан қашалуы алдағы IX Қысқы Азия ойындарына қатысу үшін осында келетін 42 елдің спортшыларына көрсетілген құрмет белгісі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде