{metadescription}
Алматыны қар басты — рейстер кейінге шегеріліп жатыр
Алматыны қар басты — рейстер кейінге шегеріліп жатыр

Алматыны қар басты — рейстер кейінге шегеріліп жатыр

Алматыда түнде бір аптаның қары жауып, әуе қатынасына кедергі келтірді. Қалың қардан бірнеше рейс кейінге шегерілген. Астанада да ұшақтар уақтылы көкке көтеріле алмай, жұрт жолынан қалды. Таң атысымен жұмысқа асыққан алматылықтар коммуналдық қызметтің жұмысына риза емес. Өйткені тротуарлар мен көше тазартылмаған. Ал қар алдағы үш күнде де жауып, жел күшеюі мүмкін деп болжайды мамандар.

Кеше түнде жауа бастаған қар бүгін күндіз ғана аяқталды. Осы уақыт ішінде мегаполиске 14 сантиметрге дейін ақ ұлпа түскен. Тұрғындар көшеде қардың дұрыс тазаланбай, қозғалыстың қиындағанын айтады. Жол бойындағы тротуарлар да үйінді қардың астында қалған.

– Мен бағана ана көшемен көтерілгенмін, Наурызбай батыр көшесімен. Иә, ана жақта кейбір жерде қар толып қалды.

– Адам жүретін жолдар өте ыңғайсыз, өздеріңіз көріп тұрғандай. Біз бір-бірімізді күтіп, ысырып жүреміз.

– Қиындық жоқ, күнде жүріп жүрген жол. Үлгергенше тазалап жатыр деп ойлаймын, көшенің бәрін.

Шенеуніктердің айтуынша, көше тазалауға 475 арнайы техника мен мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылыпты. Тағы 75 техника тротуарлар мен қоғамдық орындарды тазалаған. Ал бұл жұмысты барынша жеңілдету үшін шенділер жүзден аса жаңа техника сатып алған.

Бейбіт Шаханов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары:

Негізі, талап бойынша, орталық көшелер үш күнге дейін тазаланады. Аудандар бір жетіге дейін. Бірақ біз бұл жұмысты одан бұрын, ертерек жасауға тырысамыз. Қаламызда жол техникасы, арнайы қар тазалау техзникасы соңғы екі жылда жаңартылып, 140 шамасында жаңа техника алынды. Заманауи, жоғары көрсеткішпен жұмыс істейтін техника.

Көп мөлшерде жауған ақ ұлпаның кесірінен қалада 33 жол апаты тіркелді. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Десе де бірнеше зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілген. Әуежайдағы ұшақтар да уақытында көкке көтеріле алмай, жұрт жолынан қалды. Астанадағы бірнеше рейстің кешігуі де Алматының ауа райымен байланысты екен. 

Науат Азанбаева, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы PR қызметінің басшысы:

Қазір ұшуға жоспарланған 83 рейстің алтауы әуе кемелерінің кеш келуіне байланысты кейінге қалдырылды. Ұшып келуге жоспарланған 87 рейстің 19-ы дәл осы себеппен кешіктірілді. Кешігулердің көп бөлігі Алматыда қалың қар жаууына байланысты. Алматыдан ұшып келетін 8 рейс кешігуде. Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі немесе тоқтатылуы болмады.

Метеомамандар алдағы үш күнде елімізде жел күшейіп, тұман түсуі ықтимал дейді. Мұны синоптиктер циклондар мен антициклондардың жылдам алмасуынан деп отыр. Қар, әсіресе, елдің солтүстігі, шығысы мен батысында қатты жаууы мүмкін. Оған қоса, республика бойынша қатты тұман түсуі ықтимал.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.