{metadescription}
Метапневмовирус өршісе, карантин жағдайында балаларды оқытуға дайын
Метапневмовирус өршісе, карантин жағдайында балаларды оқытуға дайын

Метапневмовирус өршісе, карантин жағдайында балаларды оқытуға дайын

Еліміздің мектептері мен колледждері метапневмовирус өршісе, карантин жағдайында балаларды оқытуға дайын. Оқу-ағарту министрі білім ошақтары ең қажет медициналық құралдармен жабдықталғанын айтып, жағдайды бір бағдарлады. Әзірге денсаулық сақтау министрі індеттің өршігені туралы хабар таратпады, сондықтан даурығуға да негіз жоқ.

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:

2020 жылы пандемия кезінде біраз ысылдық. Сондықтан барлық мектеп пен колледж қажет құралдармен жабдықталған. Денсаулық сақтау министрлігі арнайы пәрмен бермейінше, біз ешқандай карантин жарияламаймыз. Оған әзірге негіз де жоқ.

Еске салсақ, Қытайдан бастау алған індеттің өршігенін өткен аптада ақпарат құралдары жарыса жазған. «Ауруханалар лық толы, жатын орын жетіспейді» деген ақпардың шындыққа жанаспайтынын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бірден хабарлады. Ұйымының ресми өкілі Маргарет Харрис Женевада өткен баспасөз мәслихатында аталмыш вирусқа шалдығу деңгейі қалыпты нормада екенін айтты.

Ал вице-премьер Тамара Дүйсенова өткен аптада Үкіметтің қол қусырып отырмай, Ұйымға жағдайды білмекке арнайы сауалхат жолдағанын растады. Жауапты мекеме індеттің жаңа вирус емес екенін, толық айығу әдістері бар екенін айтып жауап қатқан.

Тамара Дүйсенова, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

 Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына ресми сауалхат жолдады. Олар бұл вирустың жаңа індет түрі емес екенін айтты. Бұған дейін бірнеше елде метапневмовируспен ауырғандар 10 жыл бұрын тіркелген деген дерек бар. Аурудан 100 пайыз айығуға болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде