Семейде шыршаны безендіріп жатып құлаған мұғалімнің өтемақы мәселесі шешілмеген
Семейде жаңа жылдық шыршаны безендіремін деп биіктен құлаған мұғалімге өтемақы төлеу мәселесі әлі шешілген жоқ. Себебі: жәбірленуші Қуат Айтқали өзінің қызмет барысында жарақат алғанын дәлелдеуі керек. Бұл туралы бүгін премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова айтты.
Автор: Ұлан Нұрахмет
08.01.2025
Егер мұғалім жарақатын құжат арқылы дәлелдей алмаса, оған көк тиын да төленбейді. 23 жастағы Қуат Айтқали шаһардың бас шыршасын безендіріп жатқанда биіктіктен құлап, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан болатын. Дәрігерлер оның миына құйылған қанды тоқтатып, сынған бас сүйегінің жартысын алып тастаған. Қазір ұстаз оңалту шараларын алып жатыр. Әйтсе де, оған екінші мәрте ота жасалатын болады. Бұл оқиғадан кейін оқу-ағарту министрлігі еліміздегі мектептерде «Педогог мәртебесі туралы» заңның сақталуын тексере бастады. Яғни ұстаздар жұмыстан тыс уақытта қара жұмысқа жегілмеуі керек дейді министр Ғани Бейсембаев.
Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
— Бұл заң жергілікті орындарда қаншалықты жүзеге асып жатқаны маңызды болып тұр. Мен тапсырма бердім. Департаменттеріміз мониторинг жүргізіп жатыр. Олар аудандарда және алыс ауылдарда мұғалімдердің құқығы қашалықты сақталып жатқанын тексереді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!