{metadescription}
Таразда еркек пен әйел үйдің бесінші қабатынан құлап кетті
Таразда еркек пен әйел үйдің бесінші қабатынан құлап кетті

Таразда еркек пен әйел үйдің бесінші қабатынан құлап кетті

Тараздық екі тұрғынның түнгі көңіл көтерісі трагедиямен аяқтала жаздады. Ер мен әйел адам көпқабатты үйдің бесінші қабатынан бірге құлап кетті.

Тұрғындардың тәтті ұйқысын дүрс еткен дыбыс бұзған. Сөйтсе, бесінші қабаттан 26 және 38 жастағы екі адам құлап кетіпті. Абырой болғанда екеуі де жапсарлас салынған құрылыстың шатырына түскен. Ауыр жарақат алып аман қалғандарды құтқарушылар жерге түсірді. Куәгерлердің айтуынша, екеуі де мас болған. Олардың не себепті терезеден секіргені белгісіз. Қазір жергілікті полиция мән-жайды анықтауға кірісті.

Мислим Ризманов Тараз көпбейінді аурухананың жарақат бөлімінің дәрігері:

26 жастағы ер адамның жағдайы ауыр. Жамбас  сүйегі сынып, жансақтау бөлімінде жатыр. Ал әйелдің аяғы сынып, жамбасына зақым келген. Жағдайы орташа ауыр. Қазір жағдайы тұрақталып келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде