Ертіске құлаған қыз бен жігітті іздеуге екі облыстың құтқарушылары жұмылдырылды
Семейде автокөлігімен бірге Ертіс өзеніне құлап кеткен жігіт пен қыз әлі табылған жоқ. Оларды іздеу үшін Шығыс Қазақстан мен Павлодар облысының құтқарушылары көмекке шақырылды.
Автор: Ұлан Нұрахмет
08.01.2025
Қайғылы оқиға 5 қаңтар күні болған. Жүргізуші тежегіш пен газды шатастырып, көлігімен өзенге құлап кеткен. Салонда болған төрт адамының біреуі жағаға жүзіп жетті. Ал құтқарушылар бір қыздың денесін апат болған жерден жеті шақырым жерден тауып алды. Оны ағыс алып кеткен. Іле-шала суға батқан көлік гидролокатордың көмегімен табылды. Бірақ жүргізуші мен тағы бір жолаушы іздестіріліп жатыр.
Үш күннен бері құтқарушылар Ертіс өзенінің 50 шақырым аумағын сүзіп шыққан. Оған 149 адам жұмылдырылыпты. Олардың ішінде Шығыс Қазақстан және Павлодар облысының құтқарушылары бар. Енді Алматы қаласынан қосымша сүңгірулер келеді деп күтілуде.
Азамат Орымбаев, Абай облысы ТЖД бастығының орынбасары:
— Іздестіру жұмыстары кезінде кедергі бар. Ол өзеннің қатты ағысы, екінші ұсақ қатқан мұздар кедергі келтіруде. Оның үстіне, іздестіру жұмыстары жүріп жатқан аумақ өте үлкен. 50-60 шақырымды құрайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!