{metadescription}
«Еңбек» кәсіпорнының басшылары кәсіпкерлерден пара алды деген күдікпен ұсталды
«Еңбек» кәсіпорнының басшылары кәсіпкерлерден пара алды деген күдікпен ұсталды

«Еңбек» кәсіпорнының басшылары кәсіпкерлерден пара алды деген күдікпен ұсталды

Түрмелердің айналасынан теңге жасаған! «Еңбек» мемлекеттік кәсіпорнының басшылары кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алды деген күдікпен ұсталды.

Қолына кісен салынған кәсіпорынның бас директорының орынбасары мен оның қарамағындағы құрылыс басқармасының басшысы. Олар мемлекеттік сатып алу шарттарын жасап, орындалған жұмыс актілеріне қол қойған және осы құжаттар негізінде ақы төлегені үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алыпты. Яғни құжаттағы қабылданғанған нысан мен атқарылған шаруа нәтижесі сәйкес емес. "Еңбек" кәсіпорны мен оның филиалдары түзету мекемелеріндегі жазасын өтеп жатқан азаматтарды жұмыспен қамтиды. Түрмедегі тігін, жиһаз цехтары, құрылыс жұмыстары мен басқа да көптеген өнім өндіру орындарына жауапты.

Данияр Биғайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

Бас директордың орынбасары мен құрылыс басқармасының басшысы кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деп күдіктенеді. Сот санкциясымен күдіктілер қамауға алынды, тергеу жалғасуда. ҚПК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қаңтар

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде